Биылдан бастап Қазақстанда кәсіп иелері мен оның жұбайы (әйелі немесе күйеуі) Мемлекеттік кірістер комитеті белгілеген тәртіппен 250.00-нысанды декларацияны тапсыруға міндетті.
Декларация: 250.00-нысан бойынша есепті қалай тапсыруға болады?
Фото: istockphoto.com/ru
3,647
оқылды

Декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсыруға міндетті. Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасына 250.00-нысан бойынша есеп тапсыру туралы хабарлама келіп жатыр. Атап айтқанда, kaspi.kz, halyk.kz мобильді қосымшасы. 

Азаматтар декларацияны қалай тапсырады? Декларацияда қандай мал-мүлкін көрсетеді? Aikyn.kz  бұған дейін де  Жалпыға бірдей декларацияны тапсырғанда азаматтар білуі тиіс сауалдардың жауабын жариялаған болатын. 

Декларацияның 250-нысанды үлгісін мына сілтемеден жүктеп алуыңызға болады.   

Сонымен, декларацияда: 

  • Шетелде тіркелген жылжитын және жылжымайтын мүлік;
  • Құнды қағаздар;
  • Шетел банктеріндегі есепшоттарда 1 мың АЕК-тен (3 692 000 теңге) асатын қаржыны; 
  • Алтын құйма;
  • Авторлық құқықты;
  • Қолма-қол ақша 10 мың АЕК-тен асатын болса, декларацияда жазып көрсетуі тиіс. Сонымен қатар жалпы құны 1 мың АЕК-тен асатын өзге де дүние мүлікті көрсетуі тиіс. 

Декларация тапсырудың тәсілдері: 

Бірінші – eGov.kz сайты арқылы мына бөлімге өтіп, тапсыра аласыз.

Екінші –  «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы тапсыруға болады. 

Үшінші – e-salyqАzamat қосымшасын пайдаланып тапсыра аласыз. 

Төртінші – екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады. 

Бұған дейін  Асылтұқымды малы болса да декларацияда көрсетуі тиіс екенін хабарлаған болатынбыз. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.