Жергілікті тұрғындар құтқарушылардың ескертулерін елемей, тыйым салынған жерлерде шомылуды жалғастыруда.
Жылыой ауданында жыл басынан бері 7 адам суға батып кетті
www.istockphoto.com
610
оқылды

Атырауда ТЖ режимінің сақталуына байланысты шомылу маусымы әлі де болса ашылған жоқ. 

Соған қарамастан, Жылыой ауданының тұрғындары құтқарушылардың ескертулерін елемей, суға түсудің соңы көп жағдайда қайғылы жағдаймен аяқталып отыр. 

" Жыл басынан бері аудан бойынша барлығы 7 адам суға батып кетті. Жылыой ауданының төтенше жағдайлар бөлімі авариялық-құтқару командасымен және полиция бөлімімен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Қазіргі уақытта құтқарушылар тәулік бойы жағалау аумағында күшейтілген режимде кезекшілік етеді, атап айтқанда, 6 қызметкер, 2 бірлік техника және 3 арнайы құқық құралдары жұмылдырылды", – деді Жылыой ауданының ТЖ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Рүстем Жақсылықұлы. 

Баян Жанұзақова, Атырау облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.