Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев Талдықорған қаласында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің, Қоғамдық кеңестің өкілдерімен және мәслихат депутаттарымен кездесті.
Сенат депутаты Талдықорғанда әскердің әлеуметтік мәселесін талқылады
680
оқылды

Онда Сенаттың заң шығару қызметі, жергілікті депутаттармен өзара іс-қимыл, сондай-ақ өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды. Сарыбаев өңірдегі мәселелерді шешуде мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері рөлінің маңыздылығын атап өтті.

Сенатор Сарыбаев жаңадан салынған «Жетісу Арена» спорт кешенінде болды және волейбол мен үстел теннисіне арналған оқу-жаттығу кешендерінің құрылысымен танысты. Тапсырыс берушілермен және мердігерлермен кездесу барысында құрылысты уақтылы және сапалы аяқтау спортшылардың жақсы жаттығуына, өңірге кәсіби білікті жаттықтырушылардың келуіне және осында қоныстануына ықпал ететінін атап өтті.

Ғалиасқар Сарыбаев осы өңірде орналасқан 5514 әскери бөлімде де болды. Онда әскери қызметшілердің қызмет ету және тұрмыс жағдайымен, орын алмастыру жоспарланып отырған жаңа аумақтағы нысандар құрылысымен, сондай-ақ әскери техника, атыс қаруы мен жабдықтардың үлгілерімен танысты. Кездесу барысында жауынгерлік дайындықты арттыру, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету және әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ әскери қызмет жағдайын жақсарту, оқыту, кәсіби даму және білім беру гранттарын беру тақырыптары қозғалды. Сенатор Сарыбаев ұландарға адал қызметі үшін алғысын білдіріп, олардың өңірдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлінің маңыздылығын атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.