Елорданың әрбір ауданында күн сайын рұқсат етілмеген полигондардың болуына мониторинг жүргізіледі.
Астанада 100-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылды
577
оқылды

Елордада стихиялық полигондармен күрес тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері қаланың бес ауданында 90 мың тоннаға жуық қоқыс жиналып, полигондарға шығарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорданың әрбір ауданында күн сайын рұқсат етілмеген полигондардың болуына мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан бері қала және оған іргелес аумақ бойынша 100-ден астам учаске жойылып, 90 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Мысалы, Алматы ауданы бойынша 61 учаске жойылып, 23,5 мың тонна қоқыс (3357 рейс) шығарылды.

Байқоңыр ауданында 4 учаске жойылып, 5 461 тонна қоқыс шығарылды.

Есіл ауданы бойынша 12 нүкте жойылып, 12,6 мың тонна қоқыс шығарылды.

Сарыарқа ауданы бойынша 22 стихиялық қоқыс орны пысықталып, 18 мың тонна қоқыс шығарылды. Жұмыс жалғасуда.

Нұра ауданынан жойылған 4 нүктеден 27 мың тонна қоқыс шығарылды.

Астанада рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінен қоқыс жинауға арналған қалалық ҚТҚ полигонының жанында уақытша алаң белгіленді, ол Алаш, 64 тасжолында орналасқан.

Күн сайын iKomek арқылы құрылыс алаңдарынан қоқыс шығару және орынсыз орындарға қоқысты түсіру фактілері белгіленеді, құқық қорғау органдарымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Жыл басынан бері 161 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 5 млн 200 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Заңсыз полигондарды жою жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде жаңа ошақтардың пайда болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда объектілеріне іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.