Боксшының басында мұндай жағдай бірінші рет болып отырғанын жеткізді.
Ауруханада жатқан Жәнібек Әлімханұлының қазіргі жағдайы белгілі болды
Фото: instagram.com/ janibek_alimkhanuly
5,942
оқылды

Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан боксшының денсаулығы жайлы ақпарат берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ол спортшының басында мұндай жағдай бірінші рет болып отырғанын жеткізді.

«Жекпе-жек болмайды деген жаңалықты оқып сіздердің де көңіл күйлеріңіз түскенін білеміз. Себебі жанашыр, тілеулес екендеріңізді білеміз.  Әлемнің түкпір-түкпірінен қаншама жанкүйер өнерімізді көрсек деп асыға күтті. Біз де рингте Qazaq style-ды көрсету үшін барымызды салып дайындалдық. Дегенмен көп спортшылар сияқты біз де салмақ жасау барысында қиындыққа тап болдық. Бірінші рет осындай жағдайды бастан өткердік. Оңай емес екен. Түнімен ауруханада болдық. Мұны да көру керек болған шығар. Қазір Жәнібектің жағдайы бірқалыпты. Денсаулық бірінші орында. Бұйыртса 2-3 ай қалыпқа келіп, рингке қайта ораламыз. Тілеулес жандардың бәріне мың алғыс! Ауырмаңыздар!» - деп жазды ол.

Бұған дейін боксшы Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында есінен танып, ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.