Желі оқырманы "TikTok деген бәле болды, Раим Еркенің көзіне шөп салыпты деп жатыр", – деп жазған.
«Раим көзіне шөп салып жүр»: Ерке Есмахан оқырман сұрағына жауап берді
Фото: instagram.com/ erke_esmahan
33,817
оқылды

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырманының сұрағына жауап берді,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Желі оқырманы "TikTok деген бәле болды, Раим Еркенің көзіне шөп салыпты деп жатыр",  деп жазған.

Ерке Есмахан кейінгі кезде жалған ақпарат тарататындар көбейгенін айтты.

"Бұл TikTok Ерке Есмахан өлді, иманды болсын деп жариялады. Баламды, Құдай сақтасын, шетінеді деп жариялады. Енді Раим көзге шөп салды деген шығып жатыр екен, не дейміз? Неге біздің жанұяға бірдеңе боп қалғанын қалайды екен олар?! Аллаға тапсырамыз, басқа амал жоқ. Жазасын берер. Бізде TikTok жоқ, бірақ достарымыз көрсетті. Қаралым, рекке шығу үшін бүлініп жүргендері-ау. Осы тұста айта кетейін. Раим аман-есен, ешқандай шөп салған жоқ. Мен кепіл",  деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.