Шымкент қаласы Өңірлік комму­никациялар қызметі алаңында қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов шымкенттік делегацияның Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімші қалаларына са­пары барысы жайында баспасөз кон­ференциясын өткізді.
Шымкенттік делегация сапардан жемісті оралды
610
оқылды

Қазақстан мен Қытай басшыларының Қытайдың Шэньси қаласын Қазақстанмен, Орталық Азиямен және одан әрі Еуропамен байланыстыратын логистикалық орталық салу туралы келісімі аясында құрылған порттың ашылу салтанаты биылғы ақпан айында өткен болатын. Шымкент пен Сиань қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнатудың 1 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бастаған ресми және іскерлік делегация 24-25 маусымы аралығында Сиань қаласында болды.

Брифинг барысында Айдын Мейрам­бекұлы делегацияның Сиань қаласындағы алғашқы ұлттық тағамдар желісі «Жеті тан­дыр» мейрамханасы жобасының іргетасын қалау рәсіміне қатысқанын айтты. Одан соң Бас консулдық ғимаратында «Шымкент-Сиань қалалары кәсіпкерлерінің сауда-экономикалық форумы» өткен. Оның ая­сында қытайлық жергілікті 30-дан астам және қазақстандық 20-дан астам кәсіпкерлер арасында денсаулық сақтау, IT, металлургия, қоғамдық тамақтану, білім, ауыл шаруашы­лығы, электр жабдықтарының және құрылыс материалдарының өндірісі сияқты салаларда В2В кездесулер ұйымдасты­рылған.

Әкім орынбасары сонымен қатар Шым­кент қаласының делегациясы қытайлық 6 ірі компания басшыларымен кездесу өт­кізгенін, бірқатар жо­баларды талқы­лағанын атап өт­ті. Мә­селен, Jiangsu Xiandai Lighting Group Co., Ltd компа­ниясымен болған жүзде­суде жа­рықдиодты көп­функ­циялы көше шам­­­­­дары, ландшафт жа­рық­тары, сиг­нал­дық бай­ланыс, электрлі және бақылау тіректері, жол қауіп­сіздігі құралдары мен электро­ме­ха­ни­калық жабдық­­тар, күн фо­тоэлектрлік панель­дер және тағы да басқалар қала­лық ке­­шен­ді жаб­­­дықтардың өн­ді­­рісі бойынша жобалар тал­қыланған.

«Сондай-ақ Shaanxi Jingzhao carspan компаниясымен автомобиль өнді­рісінен сервистік қызмет көрсетуге дейінгі толық циклді қамтитын автомобиль құрас­тыру зауытын салу туралы, Қазақстан мен Қытай кәсіпорындары арасындағы ынтымақ­тастыққа ықпал ететін ұйым саналатын «Қазақстан–Қытай кәсіпорындар альянсы­мен» ынтымақтастық платформасын құру, іскерлік сапарларды ұйымдастыру және сауда-экономикалық форумдар өткізу ар­қылы екі елдің экономикаларының өркендеуі мен дамуы жайы сөз болды.

Xian Typical Elevator Co., Ltd. компа­ниясымен лифт өндірісі бойынша зауыт салу жобасы қаралса, Shaanxi Foreign Trade Import and export Group Co., Ltd. компаниясымен көтерме сауданы, технологиялар мен азық-түлік импорты мен экспортын, қойма қыз­меттерін, көлік қызметтерін, жеткізу тізбегін басқару қызметтерін, халықаралық кон­тейнерлік тасымалдарды экспедициялау бойынша екіжақты ынтымақтастық мүм­кіндіктері зерделенді.

«Ал China Communications Construction Company Limited (CCCC) Tianjin Dredging Co., Ltd. компаниясымен порттар мен су жолдарын тереңдету, жерді мелиорациялау, гидротехникалық құрылыстар мен ірге­тастарды жобалау және тағы басқалар бо­йынша екіжақты ынтымақтастық мүмкін­діктері талқыланды.

Форум және екіжақты кездесулер нәти­жесінде жалпы құны 17,6 млн АҚШ долла­рына келісімдер жасалып, құжаттарға қол қойылды», – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов.

Сонымен қатар сапар аясында Сиань қалалық партия комитетінің хатшысы Фан Хунвэй мырза және қала мэрі Е.Нюпин мырзамен кездесу өтіп, онда түрлі салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мүмкіндіктері мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша нақты бастамалар көтерілді. Кездесу нәти­жесінде биылғы күзде Шымкент қаласында екі қаланың бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен ауқымды форум өткізу жос­парланып отыр.

Сапардың екінші күні тұрмыстық қал­дықтарды қайта өңдеу зауытының қыз­метімен танысумен жалғасқан.

«Әрі қарай Сиань қаласының Эконо­микалық және технологиялық даму аймақ­тарын, сондай-ақ өнеркәсіптік өндіріс ны­сандарын араладық. Лифт өндірісі, темір бұ­йымдар өндірісі нысандарының барлығы арнайы озық технологиялармен жабдық­талған. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қытайлық компаниялар Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келуге шақы­рылды», – деп атап өтті қала әкімінің орын­басары.

26 маусым күні Үрімші қаласында «Тату көршілік пен достық, өзара тиімді ынты­мақтастық» тақырыбында өткен «Қазақстан–Қытай үшінші өңіраралық ынтымақтастық форумына» еліміздің тарапынан Премьер-Министрдің орынба­сары Серік Жұманғарин бастаған бір топ делегация қатысты. Іс-шараның бірінші бөлігінде екі елдің ресми өкілдері екіжақты ынтымақтастық бойынша сөз сөйлеп, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те қаланың әлеуметтік-экономикалық және инвести­циялық ахуалы туралы баяндап өтті. Форум­ның екінші бөлігінде екі елдің кәсіпкерлері арасында кездесулер жалғасып, маңызды құжаттарға қол қойылды.

Сонымен қатар форумның барлық қаты­сушылары «Қытай–Еуразия» халықара­лық ЭКСПО көрмесін тамашалап, көрмеде қытайлық нарыққа шығару мақсатында еліміз­дің әр өңірінен 40-тан астам компания өкілдері өз өнімдерін ұсынғанын атап өтті.

 

Шымкент қаласы

Назгүл НАЗАРБЕК