Бұл жұмыстар Бас көлік прокуратурасының талабына байланысты жасалды.
Елімізде жол бойындағы дәретханалар тексерілді
ҚазАвтоЖол
2,993
оқылды

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан барлық қоғамдық дәретхананы тексерді, деп жазды Aikyn.kz.

Бүгінде жүргізілген тексеру жұмыстары барысында жол бойындағы 52 дәретханада санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды өрескел бұзу фактілері анықталды.

"Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «КАЖсервис» ЖШС-на  қатысты әкімшілік іс қозғалып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды", – деп хабарлайды Қазақпарат.