Анельдің оқырмандары оның мұндай қымбат сыйына қызығып, қуанышын бөліскен.
Әнші Kalifarniya-ның әйелі қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: instagram.com/kalifarniya
7,209
оқылды

Kalifarniya лақап атымен танымал әнші Фархат Қалиевтің әйелі, биші Анель оқырмандарына қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Анель әкесіне жаңа көлік сыйлағанын айтты.

"Бүгін Алланың қалауымен әкеме көлік сыйладым. Әкем мәз болып жүр. Бір керемет мәтін жазып, қудырта алмайды екенмін, әйтеуір ризамын", – деп жазды.

Анельдің оқырмандары оның мұндай қымбат сыйына қызығып, қуанышын бөліскен. «Осылай сый жасау бұйыртсын», «Сен өте еңбекқор адамсың, жарайсың Анель», «Сіңлім, мен саған ризамын. Қазақтың қызы сендей-ақ болсын», – деп жазды оқырмандар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.