Кеше елорда тұрғыны Дана Атешова бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтің полицейлермен және жеке сот орындаушылармен бірге үйіне келіп, балаларды бір-бірлеп үйден мәжбүрлеп шығарғанын, өзін соққыға жыққанын әлеуметтік желіде жариялаған болатын.
Әйтенов ұсталды
Фото: видеодан кадр
1,678
оқылды

Астанада бұрынғы әйелі мен үш баласын тұрып жатқан үйінен мәжбүрлеп шығарған ер адам қамалды. Бұл туралы Kazinform жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Еске сала кетейік, кеше елорда тұрғыны Дана Атешова бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтің полицейлермен және жеке сот орындаушылармен бірге үйіне келіп, балаларды бір-бірлеп үйден мәжбүрлеп шығарғанын, өзін соққыға жыққанын әлеуметтік желіде жариялаған болатын. 

Осыған орай Астана полициясы тергеу басталғанын мәлімдеді. 

«Жеке сот орындаушылары үйден шығару туралы сот шешімін орындап жатқанда бұрынғы ерлі-зайыптының арасында жанжал туды. Күш қолдану дерегі бойынша Әйтеновке қатысты тергеу басталды. Тиісті сараптама тайындалды. Соның нәтижесіне қарай процессуалды шешім қабылданады», – дейді ведомстводан.  

Бүгін адвокат Дамир Ишмаметов әлеуметтік желідегі парақшасында Марат Әйтеновтің қамауға алынғанын жеткізді. Айтуынша, ертең Әкімшілік кодекстің 73-бабы бойынша тергеу соты болады. 

«Қылмыстық кодекстің 108-бабы, 1-бөлімі бойынша іс қозғалды. Мұнымен тоқтап қалмаймыз, күдіктінің әрекетінде өзге де қылмыстың белгілері бар, полициядан жаза қолдануын талап етеміз. Сондай-ақ ер адам әйелді ұрып жатқанда араласпай құр қарап тұрған полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Біреуі тіпті сот орындаушыларына көмектесіп, баланы жылаған күйі көтеріп сыртқа шығарып тастады», – дейді  қорғаушы.  

Сонымен қатар Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева бала құқығының бұзылуына байланысты Бас прокуратурадан шара қолдануын өтініп ұсыным жолдаған. 

Айта кетейік, Марат Әйтенов – Шымкенттің бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің туған бауыры. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.