Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Баладан су сұраған»: Астанада ересек адам жоғын пайдаланып, бөтеннің үйін тонаған әйел ұсталды
Фото: istockphoto.com
1,420
оқылды

Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 48 жастағы әйелді анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Тергеу барысында белгілі болғаны, әйел оң жақ жағалаудағы тұрғын үйлердің біріне келген. Аулада ойнап, үйіне кіріп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы көріп, соңынан еріп барған. Баланың артынша пәтерге кіріп, су беруін өтінген. Үйде ересектердің жоғына көз жеткізген қаскүнем, жатын бөлмеге кіріп, сөреден бағалы тастары бар алтын бұйымдарды сөмкесіне салып алған. Кәмелетке толмаған бала тонаушыны тоқтатпақшы болған, алайда әйел қашып кеткен. Келтірілген материалдық шығын 1,5 млн теңгеге жуық соманы құраған. Ұрланған бұйымдарды ломбардқа өткізген», – делінген қалалық Полиция басқармасы хабарламасында.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.