Оқиғаға байланысты Атырау облыстық прокуратурасы ресми ақпарат таратты.
Кәріз құдығына құлап, көз жұмды: Балабақша директоры үйқамаққа алынды
Ашық дереккөз
1,013
оқылды

Атырау қаласындағы "Чебурашка" балабақшасында болған қайғылы жағдайға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

10 шілде күні Атырау қаласындағы «Чебурашка» балабақшасында төрт жасар бала кәріз құдығына құлап, қайтыс болған. Соған байланысты, яғни балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамай, абайсызда баланың өліміне әкеп соқтыру фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

“Сол күні Атырау қаласы прокуратурасының нұсқауымен балабақша директоры мен тәрбиешісі ұсталып, Атырау қаласының ПБ-ның УҰИ-на оқшауландырылды. 12 шілде күні сотпен оларға қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, – деп түсіндірді облыстық прокуратура.

Сондай-ақ хабарламада балалардың құқықтарын қорғау – прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағыты екені айтылып, балалардың құқықтарын бұзу фактілері, оның ішінде оларға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау фактілері ерекше бақылауда тұрғаны жеткізілген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.