Астанада ерекше балаларға арналған мереке ұйымдастырылды

Қала күніне арналған іс-шара аясында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мереке ұйымдастырылды.

Бұл іс-шара ерекше балаларға қолдау көрсетуді және олардың оқшаулануын жеңуді, әлеуметтік дағдыларды меңгеруді, мүгедек балаларды дені сау құрдастарының ортасына әлеуметтік интеграциялауды мақсат етеді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Мүгедек және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларда жаңа әлеуметтік байланыстарды дамытуға, өзара қолдау желісін құруға жәрдемдесу де назардан тыс қалмайды.

Осы іс-шараны өткізу арқылы балаларды әлеуметтік-мәдени оңалту жүйесін дамытуға қолдау көрсетуге басымдық берілген. Сондай-ақ, мүгедек балаларды, ерекше қажеттіліктері бар балаларды және олардың отбасыларын қолдауға бағытталған еріктілер бастамаларын қолдау қажет.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мүгедек балалары бар отбасыларға көмек көрсететін қоғамдық қорлар, Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледждің әлеуметтік серіктестері, блогерлер және медиа тұлғалар шақырылды.

Фестиваль бағдарламасы келесі іс-шараларды қамтыды: панельдік сессия: "Кедергілерді жеңу: шектеусіз өмір", инклюзивті қойылым, "Жасыл шаһардың сиқыршысы" – бүкіл отбасы үшін таза ауадағы белсенділіктер мен ойын-сауықтар.

Панельдік сессияда пара билер бойынша халықаралық жүлдегер, ату бойынша республикалық турнирдің алтын жүлдегері, пара каратэ-до бойынша республикалық турнирдің күміс жүлдегері Севда Алиева, Эверест шыңын бағындырған әлемдегі аяғы жоқ алғашқы қыз Мария Ауэзова, "Қанаттылар" инклюзивті театрының жетекшісі Арнұр Ысқақов, Қазақстандағы Ұлттық еріктілер желісінің эковолонтері Диана Мұрзағалиева және ДЦП-мен жас әнші Валерия Хан сөз сөйлеп, мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерді сергітетін, жігерлендіретін ойларын айтты.

Сонымен қатар көпшілік өнерлі бүлдіршіндердің ән-биін тамашалады. Фестиваль био көгершіндердің ұшырылуымен аяқталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.