Ғылым және жоғары білім министрлігі қабылдау комиссиялары бүгін де жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарлады.
Білім грантына конкурс: бірінші күні 14 мыңға жуық құжат қабылданды
1,829
оқылды

Бірінші күні 14 мыңға жуық құжат қабылданды, – деп жазады Aikyn.kz.

Тағы да естеріңізге сала кетеміз, құжаттарды қабылдау:

  • еGov арқылы онлайн форматта;
  • ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады;
  • Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.

Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады. 

Атап өтсек, отандық ЖОО-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.