Әнші бұдан кейін желідегі оқырмандарына жиі сыйлық жасауға уәде берді.
Ерке Есмахан оқырманына құны 1,5 миллион теңге тұратын сыйлық берді
Фото: instagram.com/erke_esmahan
7,969
оқылды

Әнші Ерке Есмахан оқырманына 1,5 миллион теңге тұратын сыйлық жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өнер иесі Fendi брендінен алған сөмкесін оқырманына тарту етті. Сөмкенің бағасы – 1,5 миллион теңгеге жуық. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Әнші бұдан кейін желідегі оқырмандарына жиі сыйлық жасауға уәде берді.

"Уәде еткен сыйлық таңдалды. Бұл сөмкемді біраз елге, жерге, қуанышқа ұстаппын. Fendi брендінен алғанмын. Сөмкенің қазіргі бағасы – 1 миллион 472 500 теңге. Жеңімпазымыз – 4 ұлдың анасы. Ақкөңіл, сыпайы, әдемі келіншек екен. Парақшасын көріп, қуанып кеттім. Құттықтаймын! Бұйырған жанға қуаныш, бақыт, байлық ала келсін. Осы сөмкемен дүниежүзін аралаңыз. Қатысқандарыңызға рақмет! Енді жиі сыйлық сыйлап тұратын боламын", – деп жазды ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram  арнасынан таба аласыз.