Бұл – оның UFC тұжырымымен келісімшартындағы соңғы жекпе-жегі.
UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз тағы да жеңілді
1,208
оқылды

UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз Мария Агапова кезекті жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады.

Аралас жекпе-жек шебері Мария Агапова Денвер қаласында өткен UFC on ESPN 59 турнирінде жұдырықтасып, жеңіліске ұшырады.

Екі жылға жуық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта шыққан отандасымыз бразилиялық Луана Сантостан (8-1) бірінші раундта қылғындыру әдісімен жеңіліп қалды. Сөйтіп Агапова UFC тұжырымындағы үшінші жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, Мария Агапова кейінгі рет шаршы алаңға 2022 жылы шығып, жеңіліске ұшыраған еді. Бұл оның UFC тұжырымымен келісімшартындағы соңғы жекпе-жегі болған.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram  арнасынан таба аласыз.