Олар Шымкентке үлкен концерт беруге келіпті.
Төрткүл дүниеге танымал Modern Talking тобы Шымкентке ұшып келді
2,267
оқылды

15 шілде, яғни кеше Шымкентке аты аңызға айналған Modern Talking тобы ұшып келді. Бұл туралы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі әуе айлағындағы кадрлармен бөлісе отырып, мәлімдеді.

"Бүгін таңертең әуежайымызда Томас Андерс пен оның Modern Talking тобын қуана қарсы алдық! Олар бүгін кешке Шымкентке үлкен концерт беруге келді!", - делінген қалалық әуежай хабарламасында. 

Modern Talking - 1983 жылы құрылған аты аңызға айналған неміс тобы. Олардың "You’re My Heart, You’re My Soul", "Cheri, Cheri Lady" и "Brother Louie" сияқты хиттері әлем бойынша миллиондаған адамдардың жүрегін жаулап, поп классикасына айналды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Международный Аэропорт Шымкент (CIT) (@airport.shymkent)