Алматыдан 416 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Алматыдан 416 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Фото: Интернеттен алынды
359
оқылды
Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 11 наурызда Алматы уақыты бойынша 02 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Сейсмологтер хабарлағандай, зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 416 шақырымда, Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 9,0. MPV магнитудасы – 3,8. Тереңдігі ­– 15 шақырым. Зардап шеккендер мен жараланғандар жоқ. Жер сілкінісінің дүмпуі Алматыда сезілмеді.