Биыл әкімдік қызметкерлеріне қатысты 203 қылмыс тіркелді, олар бойынша 144 адам әшкереленді.
Биыл әкімдік қызметкерлеріне қатысты 203 қылмыс тіркелген
www.istockphoto.com
940
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде 2024 жылғы 15 шілдеде өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды, деп хабарлайды Аikyn.kz

Ведомство аумақтық басшылар қалалар мен аудандардың өмірінде, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруда шешуші рөл атқаратынын, сондай-ақ бюджет қаражатын бөлуді анықтайтынын нақтылады.

"Олар жергілікті жерлерде мемлекеттік биліктің өкілдері болып саналады және олардың тарапынан кез келген пайдакүнемдік көріністері елдегі жемқорлықтың жай-күйі туралы халықтың бағалауын қалыптастырады. Осыған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті атқарушы органдар арасындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ерекше назар аударады. Биыл әкімдік қызметкерлеріне қатысты 203 қылмыс тіркелді, олар бойынша 144 адам әшкереленді", дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік өкілі.

Мәселен, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады.

"Ол қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, бюджет қаражатын жымқырып және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін күдіктелуде. Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 125 млн теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілді. Күдікті сотқа тартылды",  деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Сондай-ақ Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.