Бұл туралы Энергетика министрі Үкіметте өткен брифингте айтты.
Министр: Қазақстандықтар атом энергетикасын дамытуға қатты қызығады
1,379
оқылды

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкіметте өткен брифингте қазақстандықтар елдегі атом энергетикасын дамытуға үлкен қызығушылық танытып отырғанын айтты,– деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Біз Қазақстан азаматтарының, әсіресе жастардың атом энергетикасын дамытуға деген қызығушылығы өте зор екенін көріп отырмыз. Яғни, біз олардың тарапынан нақты қолдауды көрдік. Адамдар атом энергетикасын неге әлі дамытпағанымызды ашық сұрады. Барлығы атом энергетикасын, индустрияны, ғылымды, электрониканы, білім беруді, технологияны дамыту перспективаларын түсінеді. Ұлттық әл-ауқат қоры, қазақстандық атом электр стансасының еншілес кәсіпорны үлкен қызығушылықты тіркеді», – деді А.Сәтқалиев.

Министрдің айтуынша, кейбір журналист бұл мәселені әлі жете түсінбеген. Әрі атомдық технологиялардағы қауіпсіздік жүйелерінің деңгейі қаншалықты терең дамығанын және қоршаған ортаны қорғаудың тиімді шешімдерін ұсыну жүйелерінің қаншалықты жетілгенін түсінбестен, эмоцияға көбірек сүйенеді.

Десе де, Энергетика министрі науқан толығымен ашық және транспарентті болатынын атап өтті.