Қаржы мониторингі агенттігінде жартыжылдық жұмыс қорытындыланып жатыр.
Қаржы пирамидаларына қатысты 22 қылмыстық іс қаралып жатыр
1,437
оқылды

Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов 19 миллиард теңгеден астам мемлекет қаражатын ұрлаудың 111 оқиғасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Азаматтарды алаяқтық схемаларға тартудан қорғау мақсатында қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 22 тергеу басталды. Құқыққа қарсы мазмұндағы 14 мың сілтеме алдын ала бұғатталып, 100-ден астам құқыққа қарсы чаттар мен аккаунттар жойылды", – деліген хабарламада.

Бұдан бөлек, 19,2 миллиард теңгеге бюджет қаражатын ұрлаудың 111 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

"Жалпы, қылмыстық істер бойынша өтем 3,5 есе (48,3-тен 164,4 млрд теңгеге дейін), оның ішінде ақша 7 есе (11-ден 79 млрд теңгеге дейін) ұлғайды, бұл жұмыс тиімділігінің артқанын көрсетеді", – делінген хабарламада.