Баскиім арнайы таза күмістен жасалған, асыл тастармен безендірілген.
«Асыл тастармен безендірілген»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов сыйлаған ерекше баскиімді көрсетті
8,154
оқылды

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова кезінде күйеуі Заманбек Нұрқаділов сыйлаған, құны 33 мың доллар тұратын концерттік баскиімін көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Баскиім арнайы таза күмістен жасалған, асыл тастармен безендірілген. 

«Өзі сондай ерекше, 33 мың долларға жасатқан. Күйеуімнің маған берген сыйлығы, мәңгілік бағалы сыйлық болып қалады», – дейді Халық әртісі.

Мақпал Жүнісова бұл баскиімді тек Алматыда ғана киеді екен. Өйткені салмағы ауыр болғандықтан басқа қалаларға алып жүру қиын. 

«Жеке концертімде басымызды тік ұстап тұрып кидік. Домбырамен жеті өлең айттым. Бір жағынан басыңды тік ұстап тұруға жақсы екен», – деді әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Аiym (@aiym_kenzhalieva)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.