«Қазгидромет» сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Күн күркіреп, жауын жауады – Қазгидромет
4,140
оқылды

Бүгін елдің басым бөлігіне баяу жылжитын оңтүстік циклоны және онымен бірге келетін атмосфералық фронттар ықпал етеді. Соның салдарынан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, орталықта найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Нөсер жауынмен бірге қатты жел тұрады. Жалпы, еліміз бойынша жел күшейеді.

Күндіз Атырау облысында қатты ыстық сақталады. Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Павлодар облысында жоғары өрт қаупі бар. 

Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.