Одан 12 млн теңгеден астам материалдық залал мен моральдық зиянды өндірілді.
Семейде сүйіктісін көлікпен басып өлтірген жігіт 9,5 жылға сотталуы мүмкін
www.istockphoto.com
759
оқылды

Семейде сүйіктісін көлікпен басып өлтірген жігітке қатысты сот үкімі шықты. Болған оқиғадан кейін 33 жастағы Диана Сүлейменова комаға түсіп, артынша көз жұмды.

Сот күдіктіні Қылмыстық кодекстің “Өлімге алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бабы бойынша кінәлі деп тапты. Ол 9,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан жәбірленуші тараптың пайдасына 12 млн теңгеден астам материалдық залал мен моральдық зиянды өндірілді. Сот ауырлататын және жеңілдететін жағдайлардың жоқтығын, ер адамның оң сипаттамасын, соттылықтың жоқтығын және кінәні ішінара мойындауды ескерді. 

"Мен жасаған қылмыстан жалтармаймын, жазамды аламын. Бірақ мен алға тартқан дәлел-дәйектерді ескере отырып, үкім шығаруыңызды сұраймын", – деді айыпталушы.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Еске салсақ, Семейде жігіт сүйіктісін көлікпен басып кетті. Қыз кома түсіп, 15 сағаттан кейін қайтыс болды.