Бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланды.
«15 жастағы қызымды осы жерге алып келген»: Шымкентте оқушы қыздар боди-массажбен айналысқан
1,612
оқылды

Шымкентте 15 жастағы қыздар боди-массажбен айналысқан. Жасөспірімдер бұл жұмысты интернеттегі хабарландыру арқылы тапқаны белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Менің кәмелетке толмаған 15 жастағы қызымды осы жерге шақырып алып келген. Міне, мына еркектің отбасы бар шығар... Шақыр, бәрін түсір", – дейді шымкенттік ана.

Белгілі болғандай, оқушылар жұмыс істеп, ақша тапқысы келген екен. Содан интернеттегі хабарландыру арқылы жұмысқа орналасқан.

Желіде тараған видеода қыздардың WhatsApp мессенджері арқылы бір-біріне жолдаған аудиожазбалары да бар. Сондай-ақ, оқушы қыздардың бірі бұл жолға қалай келгенін айтып берген. 

Бұл оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

"Аталған факт биыл мамыр айында анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. Қатысы бар барлық адамдар анықталып, полицияға жеткізілді. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген қалалық Полиция департаментінің мәліметінде. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде оқушы қыздар ересек еркектерге боди-массаж қызметін көрсетіп келгені туралы ақпарат тарады. Қыздардың бірінің анасы интимдік қызмет көрсетілді делінген пәтер ішін видеоға түсіріп алған. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.