Бұл туралы үндістандық басылым жазды.
25 жастағы үндістандық санитар 50 жастағы науқас қазақ әйелді ауруханада зорлаған
8,117
оқылды

25 жастағы үндістандық мейіргер ем алып жатқан 50 жастағы қазақстандық әйелді зорлады деген күдікпен қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты “Тhe times of India” басылымына сілтеме жасап

12 шілде күні 50 жастағы қазақстандық қызымен бірге Үндістанға емделуге барған. Ол жексенбі күні Гургаон қаласындағы Артемис ауруханасында тізе артроскопиясынан өтіп, оңалту бөліміне ауыстырылды.

Басылымның мәліметінше, 25 жастағы мейіргер Такур Сингх науқастың жөргегін ауыстырып жатқанда, оның денесіне қол жүгірткен. Мұны қандай да бір қателік болар деп ойлаған науқас мейіргердің жыныстық сипаттағы әрекетін бірнеше мәрте байқаған. Бірақ сол күні айыпталушы оған бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен. Сөйтіп, бұл туралы қызына айтуға мәжбүр болған. Қазақстандық әйелдің қызы бұл жағдайды аурухана басшылығына жеткізіп, полиция шақырды.

“Науқастың қызының арызы негізінде қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Аурухана науқастардың қауіпсіздігіне баса назар қоятынын мәлімдеді. Сондай-ақ медициналық мекемедегілер тергеудің әділ өтуіне атсалысатынын жеткізді”, – деп жазды басылым.

Енді мейіргер жұмыстан шеттетілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.