Ол 27 жастағы азаматты жеке басына қатысты бейнематериалдарды әлеуметтік желіге таратамын деп қорқытқан.
Атырауда танысын қорқытқан тұрғын ақша алып жатқан жерінен ұсталды
Фото: Polisia.kz
1,782
оқылды

Атырауда ақша бопсалаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1 млн теңге бопсаламақ болған күдіктіні құрықтады. 

«Ол 27 жастағы азаматты жеке басына қатысты бейнематериалдарды әлеуметтік желіге таратамын деп қорқытқан. 24 жастағы облыс тұрғыны жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсіп, қамауға алынды», – делінген ІІМ хабарламасында.

 Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram арнасынан таба аласыз.