Екі тарап та коммерцияландыру мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, жасанды интеллектті білім беру әдістемелеріне интеграциялау және тиісті зертханалар арасындағы бірлескен жобаларды ілгерілету жөніндегі идея алмасты.
Шетелдік оқу орындарымен инновациялық ынтымақтастықты нығайту мәселесі талқыланды
1,581
оқылды

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Фудан университетінің (Қытай) өкілдерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – оқу орындары арасындағы академиялық және инновациялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды талқылау.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың бірнеше негізгі бағыттары мен мүмкіндіктері қарастырылды. Екі тарап та коммерцияландыру мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, жасанды интеллектті білім беру әдістемелеріне интеграциялау және тиісті зертханалар арасындағы бірлескен жобаларды ілгерілету жөніндегі идея алмасты. Фудан университетінің Чжэнцзян ғылыми-зерттеу институты деканының орынбасары Лу Сяолин бастаған делегация Абай университетімен ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытты. Кездесуде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл өзара келісім алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негіз болады деп жоспарланды.

Фудан университеті QS халықаралық рейтингінде 39-шы орында. Қазіргі таңда университетке 50 миллион доллар көлемінде қомақты кіріс әкелген 500-ден астам жоба жүзеге асырылып жатыр. Университет 5 ұлттық зертхананы қоса алғанда, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау үшін өзінің инфрақұрылымын белсенді түрде дамытып отыр.

Кездесу Абай университеті мен Фудан университеті арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, әсіресе ғылыми зерттеулерді, инновацияларды ілгерілетуге және білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.