Актриса өмірінде жаға ұстатар жағдай болғанын баяндады.
«Жігіттердің көз жасына қалдым ба деп ойлаймын»: актриса Қаракөз Тілеубекова өмірі туралы айтты
Фото: видеодан кадр
2,627
оқылды

Актриса Қаракөз Тілеубекова “Базар like” бағдарламасында өмірі мен өнері жайлы сұхбат берді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz. 

Актриса тұрмысқа шығуға әлі кеш емес екенін айтады.

«Өте көп жігіттің бетін қайтардым. Солардың көз жасына қалдым ба деп те ойлаймын. Қазір мен тұрмыста емеспін. Күйеуге шығуға әлі де кеш емес. Егер қаласам, шертіп жүріп күйеуге шығамын. Әлі күнге дейін сөз айтатындар көп. Орысы да, қазағы да, жасы да, кәрісі де бар”, – дейді өнер иесі.

Актриса өмірінде жаға ұстатар жағдай болғанын баяндады. Айтуынша, «Бауыржан шоу» театрында жұмыс істеп жүрген кезде қыздар да сезімін білдірген екен.

”Бір мейрамханаға тамақ ішуге бардық. Сол жерде бағыты бөлек, лесбианка қыздар келді. Солардың ішіндегі бір еркекшора қыз менің артымнан қалмады. Маған ғашық болып қалған екен. Ондай қыздар әлі бар. Маған әлеуметтік желіде бір қыз жазады”, – дейді Қаракөз Тілеубекова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram арнасынан таба аласыз.