Нәтижесінде әкім қызметінен кетті.
Мас күйде көлік жүргізген әкім жұмыстан босады
2,597
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық округтердің бірінің экс-әкімі Сәкен Сәдуақасов 27 қаңтар күні мас күйде рөлде отырған жерінен ұсталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оны 15 тәулікке қамау туралы үкім шыққан. Алайда шенеунік уақытша еңбекке жарамсыз екенін айтып, демалысқа шығып кеткен. Ол күйзелістің салдарынан омыртқасындағы сырқаты асқынып кеткенін айтқан. 

Сондықтан ақпан айында басталған тәртіптік іс бес айдан кейін қаралды. Экс-әкім өзіне тағылған айыппен келісіп, кінәсін мойындады. 

Нәтижесінде әкім қызметінен кетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram арнасынан таба аласыз.