Ол ұзақ жылдар бойы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері болды.
Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дирижер Раиса Садықова тірі болса 80 жасқа толар еді
1,289
оқылды

Біртуар тұлға Қазақ ұлттық аспаптық оркестрінің әртісі болып жұмыс істеді. Ұзақ жылдар бойы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Дирижердің репертуарында симфониялық музыканың жауһарлары, опера және балет спектакльдері, қазақ классикасының інжу-маржандары бар. Ол симфониялық оркестрге ғана емес, «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестріне және Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестріне де дирижерлік етті. Көптеген жылдар бойы Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда педагогикалық қызмет атқарды.

Раиса Садықова Қазақстан тарихына симфониялық оркестрдің алғашқы кәсіби әйел дирижері ретінде енді. Оның шығармашылық қолтаңбасы сирек кездесетін шынайы музыкалық дарынымен, әртістік қабілетімен, жоғары кәсіпқойлық және ерекше техникасымен ерекшеленді.

Дирижерге ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram арнасынан таба аласыз.