Бұл құжатты қағаз жүзінде жүргізу көбінесе оның жоғалуына немесе өзекті деректерді жоғалтып алуға, емханаларда ұзақ күтуге әкелді.
Баланың денсаулық паспорты электронды форматқа ауыстырылады
Фото: ДСМ
2,501
оқылды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыстың шеңберінде баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа көшіру жобасын әзірледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ата-аналар бұл құжатты бірінші сыныпқа түскен кезде міндетті түрде мектепке ұсынады, бұл жыл сайын 380 мыңнан астам баланы құрайды.

Баланың денсаулық паспорты денсаулықты нығайтуға, аурулардың алдын алуға және кішкентай пациенттерді емдеуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар туралы ақпаратты қамтитын негізгі құжат болып табылады.

Бұл құжатты қағаз жүзінде жүргізу көбінесе оның жоғалуына немесе өзекті деректерді жоғалтып алуға, емханаларда ұзақ күтуге әкелді. Осы проблемаларға жауап ретінде Денсаулық сақтау министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа ауыстыруға кірісті.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін тестілеу кезінде баланың 72 электрондық денсаулық паспорты (052-2/е нысаны) қалыптастырылды. EGov Mobile-мен электрондық паспортты интеграциялау процесінің аяқталуының жоспарланған күні – 2024 жылғы тамыз.

Ата-аналар үшін электрондық паспортты енгізу қағазбастылықты азайтуды және eGov Mobile және eDensaulyq электрондық қызметтері арқылы балаларының денсаулығы туралы ақпаратқа ыңғайлы қол жеткізуді білдіреді. Білім беру мекемелері оқушылардың денсаулық жағдайы туралы өзекті деректерді жедел ала алады, олар емханаларда медициналық қарап-тексеруден кейін автоматты түрде берілетін болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram арнасынан таба аласыз.