Бокстан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына толық құрамда барады.
Париж төрінде жанкүйерлерді қуантамыз деп сенемін – Мырзағали Айтжанов
Фото: kfb.kz
1,289
оқылды

Париж Олимпиадасы қарсаңындағы соңғы жаттығу жиынын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, команданың бас бапкері Мырзағали Айтжанов спортшылардың бабында екенін айтып, барлық боксшыдан үміт күтетінін жеткізді. 

"Қазір менен командада фаворит кім деп сұрап жатқандар көп. Олимпиада алдында боксшыларды дәл бұлай бөлуге болмайды. Себебі, Олимпиаданың рухы бөлек. Бұл жарыс басқа бәсекелермен тең келмейді. Сондықтан, олимп шыңына ең мықты деген спортшылар шығады. Біздің құрамадағы жігіттердің бәрі жақсы. Ешкім Олимпиадаға жеңілемін деп бармайды. Оның үстіне, салмақ дәрежелері де аз, жетеу ғана. Біз жеңісті дәстүрімізді қайта жалғастырып, Париж төрінде жанкүйерлерді қуантамыз деп сенемін. Қазір командада төрт әлем чемпионы, екі Олимпиада жүлдегері бар. Барлық жігіттер тәжірибелі. Енді тәжірибесін шеберлікпен ұштастырып, Олимпиадада жақсы өнер көрсету ғана қалды", – дейді бас бапкер. 

Бокстан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына толық құрамда барады.

Париж шаршы алаңына шығатын спортшылар: 

51 келі: Сәкен Бибосынов

57 келі: Махмұд Сабырхан

63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы

71 келі: Асланбек Шымбергенов

80 келі: Нұрбек Оралбай

92 келі: Айбек Оралбай 

+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.