Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының диаграммаларын жасау үшін дрондарды пайдалануға рұқсат берілмек.
Полицейлерге тас жолдарда жасырын патрульдеуге рұқсат берілмек
Ашық дереккөз
348
оқылды

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің мәлімдеуінше, Атырау облысының тәжірибесі қарастырылып, заңбұзушылықтарды фото-видео тіркеуге арналған заманауи жүйелермен жабдықталған полиция көліктерінде ауылдық жолдарды патрульдеу сәтті сынақтан өтті, деп жазады Aikyn.kz.

Ішкі істер министрлігі тәжірибені еліміздің барлық өңірінде қолдануды ұсынды. 

Бұзушылықтар туралы ақпарат автоматты түрде "Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі"  Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті орталығына жіберіледі. Ал құқық бұзушының өзі айыппұл туралы хабарлама алады.

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайрат Сұлтанбеков жол қауіпсіздігі жағдайына жолдағы тәртіптің нашарлығы мен жолдардың жағдайы әсер етіп отырғанын айтты.