Штатта 10 адам жұмыс істеген.
Елордада вейптерді заңсыз сатқан интернет-дүкен анықталды
617
оқылды

Қойма көпқабатты үйдің пәтерінде орналасқан.

"Интернет-дүкен штатында 28 жастағы иесінен басқа 10 адам жұмыс істеген. Олардың ішінде – сатушылар, курьерлер, сұрыптаушылар, сатушы-дроппер, ревизор бар. Қоймадан 20 мыңнан астам вейп табылды. Тауар телеграмм арналары арқылы сатылған", – делінген хабарламада.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алумен жазалауды көздейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.