Өзін бопсалағанға көнбеген әйел екі жігіттің үстінен арызданған.
Екі жігіт әріптесін интим видеосы арқылы бопсалап, ақша талап еткен
722
оқылды

Хромтауда сот әріптесінің интим видеосын таратамын деп қорқытып, ақша бопсалаған. Қазір сол екі адамға қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты "Диапазонға" сілтеме жасап.

Әйел түсірілген интим видео жігіттің қолына қалай түскені айтылмаған. Алайда, қолына видео түскен жігіт досына "кейіпкерді" бопсалауды ұсынған.

Алғашында олар әйелден 150 мың теңге талап еткен, кейін видеоны таратпағаны үшін бағаны 300 мыңға дейін көтерген. Әріптесі бопсалаушылардың айтқанына көнбей, олардың үстінен полицияға арыз жазады.

Бопсалаушылардың бірі ақшаны алып жатқан жерінде ұсталса, сәлден соң екіншісі ұсталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.