Бұл туралы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасына салды.
«Ана жақта отырса да, бала-шағасына сұрағанын алып беріп жатыр»: Қайрат Нұртастың анасы жақсы жаңалығын айтты
16,569
оқылды

Қайрат Нұртастың қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасына немерелерімен сөйлескен хат алмасуын жариялаған. Ол немересіне әкесін «ертең түнде шығарып алатынын» жазады.

Сезім мен Алау қыздарым, папасын уайымдап, «апа, біз папамызды қатты-қатты жақсы көреміз» деп хабарласып әлек. Алла бұйыртса әне-міне деп, сағат санап отырмыз. Бала-шағасына не десе де, жоқ деп айтып көрген кезі болмаған. Қашан да армандарын орындау – бар мақсаты. Кім қай жақты қалады бірі Барселонаға, бірі Кореяға, бірі Америкаға бәрінің арманын орындап, түгел білгендей төлемдерін жасап кетті. Ана жақта отырса да, не сұраса да салып отырсыншы деп, бала-шағам қиналып қалмасын деп адвокаты арқылы жеткізіп, уайымдаумен отырды. Бір жаққа барамын не аламын десе, мен де солай, жоқ деп айта алмаушы едім бала-шағама. Алла сол пейіліне беріп жатқан шығар деп қоямын кейде. Жүрегімізден мейірім кетпесін, – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.