Бұл туралы Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Жарты жылдан кейін Майқайыңдағы құтқарушының мәйіті табылды
1,374
оқылды

Бүгін, яғни 2024 жылғы 19 шілдеде «Майқайыңалтын» АҚ күшімен жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде 70 метр тереңдікте бір құтқарушының мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол 4 қаңтарда "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС-нің тағы үш құтқарушысымен бірге автобуста жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне құлаған.

Бұдан бұрын 2 құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта жанданған. Сканерлеу және автобустың нақты орналасқан жерін анықтау үшін сканері бар "Алтыналмас" АҚ мамандары тартылды. Сканерлеу нәтижелері бойынша, автобустың 12 метр тереңдікте жатқаны анықталды.  

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнына Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары келді. Олар «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС-мен бірлесіп, мәйітті жер бетіне көтеріп, жедел-тергеу тобына тапсырды.

– Алдын ала мәлімет бойынша, құтқарушы Айдос Шаймерден табылды. Мәйітпен бірге оның жетоны табылды. Қазір мәйіт медициналық тексеруге жіберілді. Олар оны бүгін, 19 шілдеде сағат 06:15-те өздері болжамдап, іздестіру жұмысын жүргізген жерінен тауып, мәйіт тек 13:45-те ғана шығарылды", – деді Павлодар облысы бойынша филиал басшысының орынбасары Ерлан Жаркімбеков.

Қайтыс болған адамның туыстарына психологиялық көмек көрсету үшін ТЖД психологы да келді.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға болған күні Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары 2 мәйітті тауып, жер бетіне көтерген еді. Кейін жұмыс тоқтап, қайта жанданды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.