Жәнібек қарсыласының іс-әрекеті үшін өзі ұялып жатқанын жазды.
Жәнібек Әлімханұлы өзін мазақтаған боксшыға жауап берді
3,144
оқылды

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өтпей қалған кездесуден кейін мазақ етіп видео түсірген жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичке жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жәнібек қарсыласының іс-әрекеті үшін өзі ұялып жатқанын жазды.

Андрейдің парақшасындағы видеоны көрдім. Бала өзіне көп алып жатыр екен. Мен жекпе-жекке денсаулығыма байланысты шыға алмадым. Ауруханаға түстім. Бірақ қарсыласым адам басындағы сынақты, ауыр жағдайды мазақ қылып жатыр. Бұл негізі адамгершілік емес. Ешқандай боксшы бұлай жасамайды. Қайта сауығып кет дейді. Ал оның ісіне, тіпті, мен ұялып кеттім. Бізде келісімшарт бар, жұдырықтасамыз. Бірақ енді оны аямаймын, – деді боксшы.

Айта кеткен жөн, Михайлович видеода жерге «Janibek» деп жазып, оның жанында билейді. Содан кейін жазудың үстіне ұнтақ сеуіп, су шашады. Бұл бейнежазбаға әйелі мен екі ұлы да түскен. Ал соңында «бұл контентті түсірген кезде бірде-бір чемпион зардап шеккен жоқ. Тек ағзасы құрғап қалды» деген жазу пайда болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.