Астана қаласының прокуратурасы полиция органдары және жергілікті атқарушы органдармен бірге вандализмге қарсы күресті үйлестіру жұмысын жүргізіп жатыр.
Астанада тұрғын үйдің лифтін бұзған адам бірнеше күнге қамауға алынды
777
оқылды

Осы жылдың 23 маусымында мас күйінде жолаушылар лифтін бұзған астаналық тұрғын 5 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Aikyn.kz агенттігі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, тағы бір жағдайда 38 жастағы қала тұрғыны 21 маусым күні мас күйінде аула жарығын сындырған. Оған 74 мың теңге айыппұл салынды.

Осындай оқиға 19 маусымда сағат 23.30 шамасында Молдағұлова көшесінде болған, қаланың 47 жастағы тұрғыны бөтен көліктің фарасына қасақана зақым келтірген. Оған 20 АЕК айыппұл салынды.

«Прокуратура қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық және айналасындағыларға зиян келтіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделгенін ескертеді», - делінген прокуратура хабарламасында.