Қайғылы оқиға 18 шілдеде болған.
Қарағанды облысындағы Нұра өзенінде ер адам өлі күйінде табылды
© Sputnik / Абзал Калиев
633
оқылды

Қарағанды облысындағы Нұра өзенінде ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ер адам өзенге батып кеткен. Оны іздеу жұмыстарымен ТЖД өкілдері айналысқан. 19 шілдеде ер адам өлі табылған. 

"Бұқар Жырау ауданында, Петровка ауылынан бір шақырым жерде, Нұра өзенінде 19 шілдеде Қарағанды облысы ТЖ департаментінің құтқарушылары іздеу жұмыстары барысында 18 шілдеде суға батып кеткен ер адамның денесін тапты",- деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Ер адам достарымен демалуға келгені атап өтілді.