Іздеу қараусыз қалған ғимараттарда да, ойын-сауық орындарында да жүргізілді.
Семейде бүкіл қала болып іздеген 9 жастағы бала табылды
Фото: Абай облысы ПД
1,327
оқылды

Кеше жоғалып кеткен 3-сынып оқушысы аман-есен табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ұл баланы полицейлер, еріктілер, сондай-ақ тұрғындар бүкіл қала болып іздеді. Іздеу қараусыз қалған ғимараттарда да, ойын-сауық орындарында да жүргізілді. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары оқушыны Шығыс кентінің аумағынан тапты.

«Қазіргі уақытта ол Әуезов полиция бөліміне жеткізіліп, онымен әңгіме жүргізіліп жатыр. Бала психологтың қарауынан кейін ата-анасына тапсырылады», – деп хабарлады Абай облысы Полиция департаментінен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.