Eraholic бұрын танымал шетелдік әнші Dua Lipaмен жұмыс істеген.
Ауыл мұғалімі әлемге әйгілі испандық әншімен бірге ән жазады
Фото: облыс әкімдігі
1,882
оқылды

Абай облысында еңбек ететін мұғалім испан тілді әнші Rosaliaмен бірге жаңа ән жазады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Абай ауданының мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі Ерқанат Садуханов Eraholic лақап атымен танымал. Жақында оған әлемге әйгілі испандық әнші Розалиядан жаңа әнді бірге жазуға ұсыныс түсті.

Eraholic бұрын танымал шетелдік әнші Dua Lipaмен жұмыс істеген. Енді өз қабілетін тағы шыңдап, өзін жаңа бағытта сынап көрмек. 

Оның айтуынша, әнші өзі ұсыныс айтып байланысқа шыққаннан кейін бірге жұмыс істеуге келіскен. Болашақ туынды Қазақстанда танымал болып келе жатқан реггетон стилінде латын мотивтерінде жазылады.

Сонымен қатар Ерқанат қазір басқа да ірі шетелдік әртістермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Әсіресе жас әртістермен бірге жұмыс істеп келеді. 

Айта кетейік, Ерқанат Садуханов мектепте биология пәнінің мұғалімі, 7-10-сыныптарда сабақ береді. 10 жылға жуық әндерге аранжировка жазумен айналысады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.