Бұл туралы Абай облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Семейде жоғалып кеткен 9 жасар бала екі күннен бері табылмай жатыр
990
оқылды

Семейде екі күннен бері 9 жасар баланы іздеу жұмысы жүріп жатыр, – деп жазады Aikyn.kz.

Оның шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 135-140 см, арық денелі.

Киген киімі: қара қалпақ, қызыл футболка, күрең түсті шорты, қара және жасыл түсті кроссовка.

Абай облысының Полиция департаменті облыс орталығының тұрғындарына 2024 жылдың 19 шілдесінде сағат 12:00 шамасында Семей қаласы, Театральная көшесі, 11 үй мекенжайынан белгісіз бағытқа шыққан және қазіргі уақытқа дейін орналасқан жері белгісіз, хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған Маненов Алинұр Ерланұлын іздестіруге жәрдемдесу туралы өтініш жасайды.

Егер сіз фотосуреттегі ұл баланың орналасқан жерін білсеңіз, 102 телефоны арқылы хабарлауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.