Құрылыс, машина жасау, мұнай-газ секторы және энергетика – аталған салалардың бәріне металлургтер өндіретін шикізат пен материалдар қажет.
Бүгін елімізде металлургтер кәсіби мерекесін тойлап жатыр
830
оқылды

Жыл сайын шілденің үшінші жексенбісінде металл өндірумен және оны өңдеумен айналысатын адамдар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл күрделі мамандық жоғары технологиялық білімді, жауапкершілік пен зейінділікті, талдай білуді, сондай-ақ жаңа әдістер мен технологияларды үйренуге дайын болуды талап етеді.

Ал металлургтердің өзі – болаттай берік мықты жандар.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығы бойынша шілденің үшінші жексенбісі Металлургтер күні ретінде аталып өтіп келеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.