Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Алматы әкімінің атынан хат жазды»: Мақпал Жүнісова алаяқтарға тап болды
Фото: instagram.com/ zhunusova.makpal
1,584
оқылды

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова тағы алаяқтардың арбауына түсіп қала жаздады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Алаяқтар әншіге Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың атынан хат жазған екен. 

«Маған ватсапқа Алматы қаласының әкімінен хат келді. Мұрным шелектей болып, «Осындай да әкімдер бар екен ғой, жағдайымды сұрап жатыр» деп қуанып, шок болып едім. «Ереке, рақмет» деп қойып, жарты сағат қойған сұрақтарына жауап беріп отырсам, мені алаяқтар алдаған екен. «Мен алдандым» деп мойындайын. Алпыстан ассақ та, алданып қалып отырмыз. Сіздер де алданып қалмаңыздар. Бір қызығы, ол менен ештеңе сұраған жоқ. Басында «Хал-жағдайыңыз қалай, Мақпал Мұхамедияровна» деп жазды. Қарасам әкімнің суреті шығып тұр. Нөмірін сақтап қойдым. Сосын қалалық Мәдениет басқармасының бастығына маған хат жазған адамның нөмірін жіберіп, «Бастығыңның нөмірі осындай ма?» деп сұрап едім. Ғани бауырым «Сенбеңіз» деп жауап бергенде, «өлә» деппін ғой», – дейді өнер иесі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.