Жақында алтыншы рет әке атанған Төреғали Төреәлі жарының туған күніне ерекше сыйлық тарту етті.
Төреғали Төреәлі әйелінің туған күніне 7 миллион теңгеге білезік сыйлады
3,055
оқылды

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

“Көлік мінгіздік кезінде келінімізге. Енді туған күніне әрі Төреахметімізді дүниеге әкелгені үшін деп Төреш үшеуіміз барып сыйлық алдық. Мен таңдадым, енді келінім ұната ма, ұнатпай ма білмеймін. Көрейік енді", – деп әншінің анасы сыйлығын көрсетті.  

Өнер иесі нарықтағы құны 7 миллион теңге тұратын Cartier білезігін жарына сыйлады. 

Енесі де келінін құшақтап "дүние тозса да, өзің тозба" деген тілегі желідегі оқырмандарының жүрегін елжіретті. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝐓𝐎𝐑𝐄𝐆𝐀𝐋𝐈 𝐓𝐎𝐑𝐄𝐀𝐋𝐈 (@toregalitoreali)

Еске салайық, "Перзентхана – екінші үйім" деп Төреғали Төреәлі алтыншы рет әке атанып, халықтан сүйінші сұраған еді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.