Әншінің аталған пікірі желіде жиі талқыға түсіп жатыр.
«Өз әйеліме хиджаб кигіземін, басқасында шаруам жоқ»: әнші Ұланғасыр Қамиев болашақ жарына қоятын талабын айтты
1,372
оқылды

Көпке «Балқия» әнімен танылған әнші, хитмен Ұланғасыр Қами болашақ жарына намаз оқытып, хиджаб кигізетінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

 

“Шын түсініп киген әйел хиджабты басын кесіп алса да, шешпейді. Басқасында шаруам жоқ. Мен ертең өз әйеліме хиджаб кигіземін. Басқасы шешіп ала ма, шешіндіре ме, шатағым жоқ. Өзімдікіне кигіземін. Бұған көнетін әйелді аламын, көнбесе, алмаймын. Арабтікі ме, басқаныкі ме, маған бәрібір. Мен оны түсініп тұрмын, түсінетін әйел іздеймін. Кимеймін десе, “сау бол” деймін. Болашақ әйелімнің санын жалтыратып ешқайда шығарғым келмейді”, 0 деді әнші. 

Оған қоса әнші әйеліне де жауапты болғандықтан, мұндай шешімнің дұрыс екенін айтады.

“Неге хиджаб кигізесің деген сұрақ болса, ер адам өзіне жауапкершілік алады ғой… Үйленгеннен кейін ақыретке дейін әйеліңе де сен жауаптысың, сұраласың. Егер хиджаб киіп, дұрыс жүрмейтін әйел болса, үйленбей-ақ қойған дұрыс... Әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, күйеуі оны естиді де, барып өлтіріп қояды деген сияқты, – деп айтты хитмен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.