Түркістан облысының тұрғыны Шымкенттегі мешіттердің бірінде ұялы телефон ұрлаумен айналысқан.
Мешітте жүріп, телефон ұрлаған адам ұсталды
Polisia.kz
786
оқылды

Ол бір күнде екі азаматты гаджетсіз қалдырып, бір кішкентай баланың ұялы телефонын алдап иемденген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Полиция оны мас күйінде кезекті рет ұрлық жасаған кезде ұстады. Тәртіп сақшылары телефондарды заңды иелеріне қайтарды.

Ұсталған ер адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері қалта ұрлығы адамдар көп жиналатын орында: базар, сауда орталықтары, автобус және т.б. жерлерде жасалатынын ескертеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.