60 келіден астам психотроптық затттар анықталды.
Түркістанда синтетикалық есірткіні жасырын зертханада өндіргендерді құрықтады
788
оқылды

Түркістан облысында синтетикалық есірткіні жасырын зертханада өндіргендер ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

11 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертханасының қызметін тоқтатты.

Есірткі құралдарының кезекті партиясын дайындау кезінде 2 жергілікті тұрғын ұсталды.

60 келіден астам психотроптық зат және 2,5 тонна прекурсорлар, сондай-ақ "синтетика" дайындауға арналған жабдықтар алынды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр (көрсетілген қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған).